13
март
2023
Бакытова Нұриля Жандарбекқызы
Бакытова Нұриля Жандарбекқызы, 2000 жылы 12 қазанда бұрынғы Талдықорған облысы Алакөл ауданы Екпінді ауылында қарапайым отбасында дүниеге келген. 2006 жылы М.Әубәкіров атындағы орта мектебіне 1 сыныпқа қабылданып, 2018 жылы бітіріп шыққан. 2018 жылы Талдықорған қаласындағы І.Жансүгіров атындағы Жетісу Университетінің 1 курс студенті атанып, 2022 жылы қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі мамандығын алған. 2022 жылы Шынжылы негізгі орта мектебіне қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып қызметке тұрды.