Ата-аналарға психолог кеңесі » Шынжылы негізгі орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Шынжылы негізгі орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72859) 3 19 10
Есепші бөлімі:
+7(72833) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
март
2023

Ата-аналарға психолог кеңесі

Педагог-психологтың жоспар бойынша кеңесі

Қыркүйек айында: 5 сынып ата-аналарына « 5-сынып орта буынға бейімделуі бойынша ата-аналарға арналған психологиялық ұсыныстар мен кеңестер берілді.

Бастауыш білім беру бұл – ересектер әлеміне, саналы өмірге бастау, және баланың кім және қандай болып өсетіні оның жетістіктеріне байланысты.                                                                       Ата-аналарға бейімделу мерзімі бірнеше айға созылып кетуіне дайын болуы керек. Балаға көмек керек және бірінші кезекте ол өзіне ең жақын ата-анасының қолдауына мұқтаж.  Сол себепті де ересектерге бар күш-жігерімен баласына қолдау көрсетуге талпынуы керектігі және ата-аналарға көмек ретінде 7 кеңес айтылды. 

  1. Баланы жайлап оятыңыз: оянғанда ол сіздің күлімдегеніңізді көріп, еркелеткен дауысыңызды естісін. Таң атпай оны ұсақ — түйекпен асықтырмаңыз, кеше ескерткен болсаңыз да, қателіктері мен жаңсақтықтары үшін кінәламаңыз.
  2. Қоштасарда ескерту, ақыл айтыңыз. Балаға сәттілік тілеңіз.
  3. Бүгін қандай баға алдың деген сөзді ұмытыңыз. Мектептен кейін баланы байыпты қарсы алыңыз, оған көп сұрақтар қоймаңыз, босаңсуға мүмкіндік беріңіз.
  4. Егер балаңыздың ренжулі, бірақ үндемейтінін байқасаңыз, сұрап қинамаңыз, саябырланған соң өзі айтады.
  5. Мұғалімнің ескертуін ести сала, ұрсысуға асықпаңыз, мұғаліммен баланың қатысуынсыз сөйлесуге тырысыңыз..
  6. Сабақ орындағанда үстінен төніп тұрмаңыз, өзіне жұмыс істеуге мүмкіндік беріңіз, бірақ сіздің көмегіңіз керек болғанда сабырлық сақтаңыз. Байыпты сөйлеп, қолдау, мақтау қажет.
  7. Баланың бас ауруына, шаршауына, көңіл — күйінің нашарлауына шағымданса, назар салыңыз. Бұл көбінде қажудың, сабақтағы қиналудың басты көрсеткіштері болады. 

Қазан айында 1 сынып оқушыларының мектепке оқуға бейімделуі бойынша берілген кеңестері. 

  1. Баланы жайлап оятыңыз: оянғанда ол сіздің күлімдегеніңізді көріп, еркелеткен дауысыңызды естісін. Таң атпай оны ұсақ — түйекпен асықтырмаңыз, кеше ескерткен болсаңыз да, қателіктері мен жаңсақтықтары үшін кінәламаңыз.
  2. Баланы мектепке таңғы ассыз жібермеңіз: мектептегі тамақтануға дейін оған көп жұмыс істеу керек болады.
  3. Қоштасарда ескерту, ақыл айтыңыз. Балаға сәттілік тілеңіз.
  4. Бүгін қандай баға алдың деген сөзді ұмытыңыз. Мектептен кейін баланы байыпты қарсы алыңыз, оған көп сұрақтар қоймаңыз, босаңсуға мүмкіндік беріңіз.
  5. Егер балаңыздың ренжулі, бірақ үндемейтінін байқасаңыз, сұрап қинамаңыз, саябырланған соң өзі айтады.
  6. Мұғалімнің ескертуін ести сала, ұрсысуға асықпаңыз, мұғаліммен баланың қатысуынсыз сөйлесуге тырысыңыз.
  7. Мектептен келе балаға сабақ орындауға асықтырмаңыз, күш жинауға 2 — 3 сағат қажет (1 сыныпта 1, 5 сағат ұйықтап алғаны жақсы). Сабақ дайындауға тиімді уақыт — 15 — 17 сағат аралығында.
  8. Бір отырғаннан барлық сабақты орындатпаңыз, 15 — 20 минут сабақтан кейін 10 — 15 минут үзіліс қажет.
  9. Сабақ орындағанда үстінен төніп тұрмаңыз, өзіне жұмыс істеуге мүмкіндік беріңіз, бірақ сіздің көмегіңіз керек болғанда сабырлық сақтаңыз. Байыпты сөйлеп, қолдау, мақтау қажет.
  10. Баланың бас ауруына, шаршауына, көңіл — күйінің нашарлауына шағымданса, назар салыңыз. Бұл көбінде қажудың, сабақтағы қиналудың басты көрсеткіштері болады.


Қазан айында 5 сыныптағы бейімдеу кезеңінің қиындықтары жайлы ата-аналарға кеңестер 

1.Балаңыздан мектептегі жағдайы туралы сұрастырып отырыңыз.                                            2.Балаңыздың мұғалімдерімен үнемі сөйлесіп тұрыңыз.                                                                                  3. Балаңыздың оқу үлгерімін өзіңіздің жазалау мен ынталандыру жүйеңізбен байланыстырмаңыз.                                                                                                                                        4.Балаңызға үй тапсырмаларын орындауға көмектесіңіз.                                                                                         5. Балаңызға мектептегі  сабаққа қызығушылық танытуға көмектесіңіз.                                                               6. Үйде жайлы және орнықты ахуалды сақтап отыруға ерекше күш салыңыз. 


«Мамандық таңдауда неге мән беру кепрек?» деген сұрақ бойынша 9 сынып оқушыларына мамандыққа байланысты мынандай кеңестер берілді. 

Осындай маңызды шешім қабылдау оңай емес. Кейбір жағдайларда жасөспірімдерге ата-ананың жағынан қысым көрсетілуі де мүмкін. Кейде шын мәнінде не қалайтыныңды түсіну өте қиын. Сонымен мамандықты қалай таңдау керек?

1. Бейімділігіңізді ескеріңіз
 
 Бастапқыда өз қызығушылығыңызға назар аударыңыз. 
Немен айналысқыңыз келеді? Қандай пәндер ұнайды? Бос уақытыңызда немен айналысқанды жақсы көресіз? Адамдармен, әсіресе, бөгде кісілермен оңай тіл табыса аласыз ба? Көптеген нәрсе сіздің бейімділігіңізге байланысты.

2. Дұрыс шешім қабылдауға тырысыңыз
 
 Бұл таңдауды өз бетіңізше жасау керектігін саналы түрде ұғыныңыз. Ата-аналардың, достарыңыздың ықпалынан шыға алмай қалмаңыз. Олар не айтса да, бұл – тек сіздің тағдырыңыз.

3. Мамандық таңдауда өзіңіздің физикалық ерекшеліктеріңізді, кемшіліктеріңізді ескеріңіз.

Денсаулық жағдайларына байланысты тыйым салынған мамандықтар болуы мүмкін. Мұндай мамандықтар көп емес, оларға негізінде қандай да бір физиологиялық жүйеге ұзақ ауыртпалықты талап ететін мамандықтар жатады. Компьютер мамандары көздеріне, ал ұшқыштар – жүректеріне ауыртпалық түсіреді.
 
 4.  Мамандық таңдағанда оның болашағын да ескергеніңіз жөн. Себебі, технология тез дамып келе жатыр, соның салдарынан бүгін керек мамандық ертең қажетсіз болып та қалуы мүмкін. Сол себепті болашағы бар саланы таңдауға кеңес беремін.
 
 5.  Мамандардың көмегіне жүгініңіз

Егер сізде күмән туындаса, мамандардың көмегін пайдаланыңыз. Бұл ретте не мектеп психологымен, психологиялық кеңсе маманымен ақылдасуға болады.

Қараша айында мұғалімдерге «Күйзелісті жеңу үшін» берілген кеңестер

  • Жақсы ойлауға тырысыңыз. Жағымды ойларға және естеліктерге көбірек назар аударған маңызды.
  • Көңіліңізді басқа нәрселерге аударыңыз. Жағымсыз ойлардан аулақ болып, көңілді қуанышты оқиғаларға, естеліктерге аударған абзал.
  • Өзіңізді ненің қуанта алатыныңызды байқаңыз. Теріс эмоциялардан арылыңыз. Жағымсыз эмоциялар күйзелісті күшейтіп, депрессияға әкелуі мүмкін. Сондықтан оларды сыртқа шығару қажет. Егер сізді немесе отбасыңыздың мүшелерін БАҚ арқылы берілетін репортаждар қатты үрейлендіретін болса, оларды көруге немесе тыңдауға аз ғана уақыт бөлген дұрыс.
  • Ақпарат алуға тырысыңыз. Қауіп-қатерлерді жақсырақ анықтауға және дұрыс сақтық шараларын қабылдауға көмектесетін ақпарат алыңыз. Расталған және сенімді ақпарат көздерін пайдаланыңыз.
  • Салауатты өмір салтын ұстаныңыз. Өз эмоцияларыңызды басу үшін темекі шекпеңіз және ішімдік ішпеңіз. Егер олардан арыла алмасаңыз, медициналық немесе психологиялық көмекке жүгініңіз. Қай жерге және қалай көмекке жүгінетініңіз туралы жоспарды алдын ала дайындаңыз.
  • Көбірек күліңіз. Күлу – бұл күйзелістің маңызды профилактикасы.
  • Жайбарақаттануға тырысыңыз. Мұндай әдістің пайдасы зор. Барлық дәрігерлер мен психологтар күйзелістің алдын алу үшін күн сайын 10-30 минут ішінде аутогенді жаттығулар жасауға кеңес береді.
  • Ванна қабылдаңыз. Бұл жайбарақаттану үшін керемет әдіс болып табылады. Ванна қабылдау үшін әсіресе эфирлі майларды қолданған өте пайдалы.

Сүйікті ісіңізбен айналысыңыз. Жақсы көретін хобби – бұл күйзелістің жақсы профилактикасы. Сондықтан, өзіңізден "не істегенді жақсы көремін?" деп сұраңыз. Мүмкін, сіз өлең жазғанды, тамақ түрлерін дайындағанды немесе психологияны оқып-үйренгенді ұнататын шығарсыз. Сол әуес іспен шұғылдану күйзелісті жеңуге көмектеседі.




Прокомментировать
  • winkwinkedsmileambelayfeelfellow
    laughinglollovenorecourserequestsad
    tonguewassatcryingwhatbullyangry
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Мекен жайымыз
Жетісу облысы,Алакөл ауданы,Жыланды ауылдық округі,Шынжылы ауылы Есім Төре көшесі, үй 18-А

©2016-2022, Ресми сайт Жетісу облысы Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің "Шынжылы негізгі орта мектебі" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru